Мәсіхшілік өмір

Сіздің жаңа өміріңіз

Иса Мәсіхті Құтқарушыңыз ретінде қабылдаған сәтте, сіз жаңа өмір бастадыңыз. Ол – ешқашан бітпейтін керемет, ағыл-тегіл мол әрі бақытты өмір cыйлаушы. Бұл курсты жазған Луиза Джетер Уолкер сізге жаңа өмірдің не екенін түсіндіруге көмектеседі.

Киелі Кітап

«Сенің cөздерің қадамдарымды жарқыратады, өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашыды», – деп Дәуіт патша көп жылдар бұрын айтқан болатын. Сіздің жағдайыңыз қаншалықты қиын болса да, қандай шешім қабылдау қажет болса да, сіз Дәуіт патша сияқты сенімді бола аласыз. Луиза Джетер Уолкер жазған бастапқы курсынан Джуди Бартелдің бейімдеуімен жарық көрген бұл курс сізді Киелі Кітаппен таныстырып, Құдайдың жағдайымызға деген көзқарасы қандай әрі Одан сұрағанда бізге қалай көмектесетінін зерттеуге көмектеседі.

Иса Кім болып табылады?

• Иса – Ол кім? • Сіз Оны қалайша жақсырақ біле аласыз? • Ол сіз үшін не істеді? – деген сұрақтардың жауабын білгіңіз келе ме? Егер жауабыңыз «иә» болса, онда Исаның Кім екені сізге арналған. Бүкіл әлемдегі мыңдаған оқырмандар сияқты бұл кітаптың қағидаларын өміріңізде қолдансаңыз, ол сіздің рухани өміріңізді айтарлықтай байытады.