Бұл бірінші сабақта сіз өзіңізде болған өзгерістер туралы Киелі Кітапта не айтылғанын зерттейсіз. Сіз өзіңіздің жаңа артықшылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз туралы білетін боласыз. Сонымен қатар жаңа отбасына ие болғаныңызды түсінесіз. Сіз Иеміздегі бауырластарыңызбен құрғаныңызды қалайтын Құдайдың жаңа қарым-қатынастары туралы білетін боласыз.
Сіз тәй-тәй басып жүруді үйреніп жатқан баланы көрдіңіз бе? Аяғымен әрең тұрған нәресте қолы жететін барлық нәрсені ұстай отырып, бөлмені айналып шығады. Бірақ қандай әсер алады! Бүкіл әлемге қол жеткізгендей көрініс! Сонымен кейде қозғалып, кейде тоқтап, кейде құлап қалса да, үнемі қайта аяғына тұрып, бастаған ісін жалғастыра берсе, бала тәй-тәй басып жүруді үйренеді.
Жетістікке деген ұмтылыс күшті. Ата-аналар үнемі көмек қолын созып, балаларының әр қадамдарын жігерлендіріп отырады.
Бұл сабақ Құдайдың сізбен қалай тілдесетінін түсінуге көмектеседі. Кейде Ол сізбен тікелей сөйлеседі. Басқа уақытта Ол Өзінің Сөзін, Киелі Кітабын қолданады. Арагідік Ол басқа мәсіхшілерді де пйдаланады. Бұл сабақты зерттей отырып, сіз қандай әдісті таңдасаңыз да, Әкеңіздің дауысын қалай тануға болатынын білесіз.
Бұл сабақ рухани дамудың осы төрт маңызды қағидасы туралы толығырақ түсіндіреді. Мұны зерттей отырып, дәл қазір оларды өз өміріңізде қалай қолдануға болатынын көресіз. Әрі қарай керемет нәтижелер болады! Зиянды мінез-құлық жақсы үлгілермен алмастырылады. Сіз күн сайын Құдай қалайтын жетілген адамға айналып отырасыз.
Дәл қазір сіздің өміріңізде де осындай өзгерістер болып жатыр. Осы сәтте рухани өміріңіз ашылып жатыр. Мәсіхте «жетілгенде» ескі қызығушылықтардың орнына жаңа мүдделер келеді. Сонымен қатар жаңа міндеттер бар, олар жаңа сыйақылар мен қанағаттандырулардың жаңа түрлерін сізге әкелуі мүмкін. Бұл сабақта біз осы нақты ерекше өзгерістер мен әрекеттерді қарастырамыз. Сонымен қатар басқа адамдар жаңа мүдделеріңізді бөлісетінін табасыз!
Егер адам арнайы мақсатқа жетуді қаласа, ол үшін үлгілер де қажет. Мысалы, спортшылар жаттықтырушысының нұсқауларын орындайды. Олар кейбір нәрселерді орындайды, бірақ олар істемейтін басқа нәрселер де бар. Олардың мақсаты – жүлдеге ие болу үшін дағдылар мен күштерді дамыту. Енді сіз мәсіхші бола тұра, жаңа ерекше мақсатқа иесіз. Бұл мақсат – Көктегі Әкеңіздің қалағанының бәріне сәйкес болу. Бұл – сізге үлгілердің қажет екендігінің тағы бір себебі.
Сіз үшін Көктегі Әкеңіз сіздің Өз отбасының мүшесі болуыңызды, әрі сіздің өміріңіз үшін Өзі қойған мақсаттарына жетуді жоспарлап отыр. Бұл сабақ сізге көмек ретінде берілген жаңа өнегелерді түсіндіреді. Оларды ұстану сізге көп пайда әкеледі.
Құдайдың құдіреті туралы айтқандарыңыздың растығын анықтау үшін сізді бақылап жүргендер көп. Өміріңіз Ізгі хабар адамдарды қалай өзгерте алатынын оларға көрсетеді. Не істеп жатқаныңыз сіздің тіпті айтқаныңыздан да артық куәлік, өйткені істеген ісіңіз Иса туралы куәлік болып табылады.
Бұл сабақта біз сіздің өміріңізден айналаңызға нұр шашатын кейбір үлгі сәулелерін қарастырамыз, себебі Иса сіздің бойыңызда өмір сүреді. Бұл үлгі сәулелері басқаларды Ізгі хабардың рас екеніне сендіруге көмектеседі.
Бұл сабақ сізде қазір қаншалықты еркіндік бар екенін түсіндіреді, себебі сіз Құдайдың баласысыз. Еркіндік сізді күнәнің ауыр зардаптарынан айықтырады да, Құдайға ұнамай қаламын деген қорқыныштан босатады. Бұған қоса, ол рухани қателіктер мен шатасулардан алшақтады. Иса Мәсіхтің сіз үшін жасаған жақсылығының арқасында бұл баталар сізге арналған. Бірақ олар тек бастамасы ғана.
Сіз бастаған жаңа еркін өміріңіз ешқашан аяқталмайды!