GLOBALReach.org Көмек



Құжаттарды қарау/жүктеу

Adobe Acrobat арқылы курсты қалай басып шығаруға болады?

Аудио және бейне курстар

GlobalReach.org сайтынан көптілді мүмкіндікті қалай қолдануға болады

Сынақтаманың бағасы мен оқуды бітіру сертификатын қалай алуға болады?

Кеңейтілген көмек

Құжаттарды қарау/жүктеу әдісі (бар болса)

Globalreach.org сайтындағы құжаттарға негізделген курстар мен сабақтар PDF форматында ұсынылып, сізге құжаттарды қарауды, жүктеуді әрі басып шығаруды жеңілдетеді. Бұл файлдарды қарау, жүктеу әрі басып шығару үшін компьютерге Adobe Acrobat Reader® 6.0 немесе одан жоғары нұсқасын орнату қажет. Сіз Adobe Acrobat® бағдарламалық жасақтамасын осы жерден жүктеп, Adobe.com веб-сайтынан бағдарламаны орната аласыз.
Басына оралу

Adobe Acrobat арқылы курсты қалай басып шығаруға болады?

  1. Сіз жүктегіңіз келетін курс және/немесе сабақ үшін шолғыштағы сілтемені басыңыз.
  2. Курс Adobe Acrobat бағдарламасында ашылады
  3. Терезенің жоғарғы жағындағы «Файл» түймесін басыңыз.
  4. «Басып шығару» түймесін басыңыз..
  5. Басып шығару диалогтық терезесінде «Бетті масштабтау» жанындағы ашылмалы мәзірді іздеңіз. Онда «Басып шығарылатын ауқымға сәйкес» деген жазу болуы керек. Егер олай болмаса, ашылмалы мәзірден «Басып шығарылатын ауқымға сәйкестендіру» дегенді таңдаңыз.
  6. Принтердің жанындағы «Сипаттар» түймесін басыңыз. Принтерге арналған диалогтық терезе пайда болады.
  7. Осы диалогтық терезедегі «Қосымша» түймесін басыңыз.
  8. Қағаз өлшемін ашылмалы мәзірінен көріңіз. Ол принтердегі қағаз түрін көрсетуі керек. Мысалы, егер принтерде А4 форматты қағаз болса, онда «А4» деп жазылу керек. Егер оған сәйкес өлшемді қағаз болмаса, оны таңдаңыз.
  9. «Қосымша параметрлер» терезесін жабу үшін «OK» түймесін басыңыз.
  10. «Құжат сипаттары» терезесін жабу үшін қайтадан «OK» түймесін басыңыз.
  11. «Басып шығару» диалогтық терезесін жабу үшін «OK» түймесін басыңыз, сонда құжат дұрыс басып шығарылуы тиіс.

Басына оралу

Аудионы тыңдау немесе бейнелерді тамашалау әдісі (егер бар болса)



Аудио сабақтар курсын «MP3 (56K)» немесе «MP3 (100K)» сілтемелерін басу арқылы тыңдай аласыз, сонымен қатар плеердегі сабақты немесе үшбұрышты қосу түймесін басу арқылы бейне сабақтарды көре аласыз ( ►), немесе «Бейнені қарау» деп аталатын сілтемеге өтіп сабақты тамашалауға болады. Бұл сабақтарды жүктеп әрі басқа пайдаланушылармен бөлісу үшін сізге көмек ретінде AddThis.com сайтынан белгішелерді қостық.

Барлық бейне мазмұндарды ойнатып тамашалау үшін Adobe Flash Player орнатылған болуы керек. Сіз бұл ойнатқышты http://get.adobe.com/flashplayer/ сайтынан жүктей аласыз.

Басына оралу

GlobalReach.org сайтынан көптілді мүмкіндікті қалай қолдануға болады



Globalreach.org сайты сізге бір тілде шолуға әрі құжаттарды басқа тілде жүктеуге мүмкіндік береді.
  • Тіл таңдау мәзірі өзіңіз таңдаған курс пен сабақ басқа тілде қолжетімді болған кезде пайда болады.
  • Басқа тілді таңдағаннан кейін қолда бар құжаттар мен тасымалдауыштарға сілтемелер пайда болады (егер бар болса).
  • Егер бірнеше сабақ болса, әр сабақтың тілін таңдау қажет болады.
  • Бұл сілтемелер шолу жасап жатқан тілде емес, сіз жүктеп алатын тілде пайда болады. Алайда файл атаулары шолғышыңыздың күй жолағында (төменгі жолақта) пайда болып, сізге қажет файлды табуға көмектеседі.
  • Файлдың кеңейтілуін қараңыз (файл атауының соңғы үш әрпі). Егер «pdf» деп жазылса, онда бұл – кітап. Егер «mp3» деп жазылса, онда бұл – аудио файл.

Басына оралу

Сынақтаманың бағасы мен оқуды бітіру сертификатын қалай алуға болады?

Бұл веб-сайттағы мазмұн сіздің жеке өз басыңыздың сүйсініп, мәсіхшілік сеніміңіздің дамуы үшін тегін ұсынылады. Төлтума курстарда бүкіл курс бойынша сынақтамалар бар. Өкінішке орай, біз бұл емтихандарды тегін ұсына алмаймыз. Сондай-ақ аяқтау сертификаттарын да тегін бере алмаймыз. Біз бұл қызметтерді ақылы түрде ғана ұсына аламыз. Қосымша ақпарат алу үшін “Бізбен байланысу” бетін қараңыз (сілтеме беріледі).
Басына оралу


Кеңейтілген көмек


Кеңейтілген көмек анықтамасы ағылшын, орыс әрі испан тілдерінде анықтамалық файлдарында қол жетімді. Осы тілдердің біріндегі анықтама файлына өту үшін сол тілдің жоғарғы сол жақ бұрышындағы «Өз тіліңіздегі ресурстарды қарау» деген ашылмалы мәзірінен жоғарыдағы тілдердің біреуін таңдаңыз.
Басына оралу