• Иса – Ол кім? • Сіз Оны қалайша жақсырақ біле аласыз? • Ол сіз үшін не істеді? – деген сұрақтардың жауабын білгіңіз келе ме? Егер жауабыңыз «иә» болса, онда Исаның Кім екені сізге арналған. Бүкіл әлемдегі мыңдаған оқырмандар сияқты бұл кітаптың қағидаларын өміріңізде қолдансаңыз, ол сіздің рухани өміріңізді айтарлықтай байытады.
Сізге сұрақ қойсам бола ма? Сіз қалай ойлайсыз: Иса кім? Кейбіреулер: «Ол керемет ұстаз болды», – дейді. Басқалары Оны пайғамбар, философ, батыс елдерінің құдайы немесе біз үшін үлгі тұтар жақсы адам болған дейді.
Иса ұлы ұстаз бен пайғамбар болғаны рас, бірақ Ол одан да артық болды. Ол біз үшін философтан да, үлгі болатын адамнан да артық. Бұл сабақта біз Иса туралы көбірек білетін боламыз.
Уәде – бұл біздің өміріміздің бөлігі. Біздің бәріміздің де біреудің өзімізге берген уәдесін орындауын күткен кездеріміз болған еді. Кейде ұзақ күтуге тура келетін! Ал кейде көңіліміз түсіп қалатын жағдайларға ұрындық.
Құдай да уәде берді. Иса туылғанға дейін көптеген ғасырлар бойы Құдай Мәсіхтің келетінін уәде еткен. Ол бұл Адамды сипаттап беріп, әрі Ол не істей алатынын айтып, пайғамбарлары арқылы сөйлеген болатын.
Құдай туралы кейбір деректерді басқаларға қарағанда түсіну оңайырақ. Мысалы, біз Құдайдың әкеге ұқсайтынын еш қиындықсыз түсіне аламыз. Біз жақсы әкелердің балаларына қамқорлық жасап, оларды жақсы көретінін көрдік.
Құдай туралы басқа деректерді түсіну оңай емес. Құдай туралы түсінуге қиын жайттардың бірі – бұл сабақтың тақырыбы болып табылатын жағдай – Исаның Құдай Ұлы екендігі.
Иса бүкіл әлемде бірегей. Одан басқа ешкім жоқ, өйткені Ол – әрі Құдай, әрі адам. Бұл туралы Киелі Кітап үйретеді.
Бірақ Иса неге адам болғысы келді? Оның жасаған әрекеті бай адамның әдемі үйін тастап, бақытсыз кедей болу үшін бәрінен бас тартқан адамға ұқсайды. Құдіретті патша өзін құрметтейтін және мойынсұнатындардың барлығын қалдырып, жеккөрінішті әрі жексұрын ететін ортаға түскен адамға ұсқайтын сияқты.
Сөйлей алмау дегеннің қандай болатынын елестете аласыз ба? Басқалармен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндігі болмаса? Қандай қорқынышты жалғыздық пен бұл дүниеден түңілушілік!
Біздің қарым-қатынас жасау қабілетіміз Жаратқан Құдайдан келеді. Ол біздің Өзін тануымызды қалайды; Барлық нәрсенің басы мен соңы Иса Мәсіх екенін біздің білгенімізді Құдай қалайды.
Сіз қараңғыда серуендеп жүріп, жарықты көруді армандаған кезіңіз болды ма? Сіз жолдың екі жағында және алдағы сапарда қандай қауіп болатынын білмедіңіз. Киелі Кітап қараңғылықты неліктен зұлымдықтың, қателіктің, белгісіздіктің, қиыншылық пен өлімнің нышаны ретінде жиі қолданатынын еш қиындықсыз түсінуге болады. Міне, бізді абдыратып үрейлендіретін нәрселер осылар.
Сіз Иса туралы көп нәрсені зерттедіңіз! Оның уәде етілген Мәсіх, Құдай Ұлы, Адам Ұлы, Құдай Сөзі әрі әлемнің Нұры екенін білдіңіз. Бұл атақтар бізге Оның кім екендігі туралы маңызды шындықты айтады. Исаның істеріне назар аудару – бұл Оның кім екенін түсінудің тағы бір әдісі. Бұл сабақта біз Оның екі жұмысы: Иса біздің тәніміз бен жанымызды сауықтыратыны және Киелі Рухқа шомылдыратыны туралы қарастырамыз.
Сіз Исаның сауықтырып, Киелі Рухпен шомылдыратыны жөнінде білдіңіз. Бірақ Оның тағы да бір бәрінен маңызды жұмысы бар: Ол құтқарады! Киелі Кітапта Иса адасқандарды іздеп құтқаруға келгені туралы айтылған. Бұл қарапайым мәлімдеме – мәсіхшіліктің мағынасы. Басқа діндер өмір үшін жоғары мұраттарды ұсынуға тырысады. Бірақ олар ізбасарларына зұлымдықты жеңетін нақты күшті бермейді.
Өлім кез келген адам өмірінің соңында – берік, қашып құтылмас әрі ақырғы аялдама болатыны анық. Бай да, кедей де бір күні онымен бетпе-бет кездесуі керек. Көптеген адамдар үшін тіпті өлім туралы ойдың өзі қорқыныш пен үрей тудырады. Бірақ Иса Мәсіхке сенетіндер үшін күрт айырмашылық бар. Оларға өлімнен қорқудың қажеті жоқ. Неге? Өйткені олар қайта тірілу мен өмір болып табылатын Исаға сенеді.
Қоғамда басқаларға билік ететін адамдар әрқашан бар. Иса дүниеге келген кездегі қоғамның қазіргі қоғамнан ешқандай айырмашылығы жоқ еді. Римді мәсіхшілер құлатқан жоқ. Иса көкке қайта оралды, ал бүгінде әлем үстем, езуші әрі қысымшыл билеушілерге толы. Ол қалайша Жаратқан Ие болады? Оның қандай билігі бар? Ол қашан бәрін басқаратын болады? Бұл сұрақтарға осы сабақта жауап беріледі.