«Сенің cөздерің қадамдарымды жарқыратады, өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашыды», – деп Дәуіт патша көп жылдар бұрын айтқан болатын. Сіздің жағдайыңыз қаншалықты қиын болса да, қандай шешім қабылдау қажет болса да, сіз Дәуіт патша сияқты сенімді бола аласыз. Луиза Джетер Уолкер жазған бастапқы курсынан Джуди Бартелдің бейімдеуімен жарық көрген бұл курс сізді Киелі Кітаппен таныстырып, Құдайдың жағдайымызға деген көзқарасы қандай әрі Одан сұрағанда бізге қалай көмектесетінін зерттеуге көмектеседі.
Сіз Киелі Кітапты зерттесеңіз, ол сіздің өміріңізге де, басқалардың өміріне де әсер етеді. Бұл сабақта сіз өзіңіздің Киелі Кітапты зерттеудің арқасында қандай пайда көретініңізді білесіз. Сіз Киелі Кітапты зерттеудің себептері мен пайдасын, әрі оны жүйелі түрде зерттеудің маңыздылығы сияқты тақырыптарды қарастыратын боласыз.
Құдай бізге Киелі Кітапты қалай берді деп ойланып көрдіңіз бе? Мүмкін періштелер Кітапты жинақтап, кейін Оны «тауып алатын» адам пайда болғанға дейін бір жерге тастап кеткен шығар? Құдай бізге Киелі Кітап деп аталатын Жазбаны беру үшін жүздеген жылдар бойы өмірдің түрлі салаларындағы қарапайым адамдарды қолданды. Ал олардың келісім және үндестікпен жазған жазбалары ешқашан өзгермейтін Құдайдың куәлігі болып табылады.
Бір жағынан Киелі Кітап та қажет нәрсеге қол жеткізу үшін құрастырылуы керек еді. Мұны Киелі Кітапты шығарушылар да білген. Аудармаға қарамастан, адамдар өздері көздеген мақсаттарына сай талпыныста «адасып қалмау» үшін аудармашылар дәл сол тараулар мен аяттарды ұстанған болатын.
Бұл сабақта Киелі Кітапқа деген сілтемелерді қалай атап, жазбаша түрі қандай болатынын білетін боламыз, сондай-ақ біз іздеген тақырыптар мен аяттарды табуға көмектесетін негізгі оқу құралдарын қолдануды үйренеміз.
Біз батырлар туралы тарихи кітаптарға сене аламыз, бірақ Көне Келісім кітаптарына сол кездегі қарапайым халық енгенін ұмытпайық. Бұл әңгімелердің барлығы бірдей маңызды, өйткені олар бізге Құдайдың өз халқымен қарым-қатынасын анық көрсетеді. Көне Келісім кітаптарын бес негізгі тақырыпқа бөлуге болады. 3-ші сабақта біз кітаптардың кіші бөлімдері – тараулар мен аяттары туралы білдік. Енді біз негізгі бөлімдерді немесе топтастыруларды қарастырамыз.
Жаңа Келісім жазылып жатқан кезде Көне Келісімнің көрінісі қатты өзгерді. Пайғамбарлар заманы өтіп, көптеген адамдар рухани нәрселерге немқұрайды қарай бастады. Құдай дәл осы сәтте Өз Ұлын әлемге жібергені кездейсоқтық емес. Гректер Ізгі хабарды жеткізу үшін ортақ тіл құрған еді, ал римдіктер Ізгі хабарды тарату үшін ақылға қонымды қорғаныс пен еркіндік берген болатын.
Әрбір мәсіхші дерлік ерте ме, кеш пе: «Сіз Киелі Кітаптың рас екенін қайдан білесіз?» деген сұрақ қоюы мүмкін.
Бұл сауал тың емес. Адамзаттың алғашқы азғырылуы да Құдай Сөзіне шабуылдан басталған. Жылан кейпіндегі шайтан Хауаға: «Құдай Ие жаратқан... шынымен айтты ма?» (Жаратылыс 3:1 қараңыз) деген сұрақ қойған болатын. Ібіліс әлі де сол күмәнді ұсынады: «Құдай шынымен осылай деді ме?»