Сіздің жаңа өміріңіз

Иса Мәсіхті Құтқарушыңыз ретінде қабылдаған сәтте, сіз жаңа өмір бастадыңыз. Ол – ешқашан бітпейтін керемет, ағыл-тегіл мол әрі бақытты өмір cыйлаушы. Бұл курсты жазған Луиза Джетер Уолкер сізге жаңа өмірдің не екенін түсіндіруге көмектеседі.

Кіріспе құжатын қарау/жүктеу icon Курстың толық құжатын қарау/жүктеу icon

Бұл бірінші сабақта сіз өзіңізде болған өзгерістер туралы Киелі Кітапта не айтылғанын зерттейсіз. Сіз өзіңіздің жаңа артықшылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз туралы білетін боласыз. Сонымен қатар жаңа отбасына ие болғаныңызды түсінесіз. Сіз Иеміздегі бауырластарыңызбен құрғаныңызды қалайтын Құдайдың жаңа қарым-қатынастары туралы білетін боласыз.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Сіз тәй-тәй басып жүруді үйреніп жатқан баланы көрдіңіз бе? Аяғымен әрең тұрған нәресте қолы жететін барлық нәрсені ұстай отырып, бөлмені айналып шығады. Бірақ қандай әсер алады! Бүкіл әлемге қол жеткізгендей көрініс! Сонымен кейде қозғалып, кейде тоқтап, кейде құлап қалса да, үнемі қайта аяғына тұрып, бастаған ісін жалғастыра берсе, бала тәй-тәй басып жүруді үйренеді.
Жетістікке деген ұмтылыс күшті. Ата-аналар үнемі көмек қолын созып, балаларының әр қадамдарын жігерлендіріп отырады.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Бұл сабақ Құдайдың сізбен қалай тілдесетінін түсінуге көмектеседі. Кейде Ол сізбен тікелей сөйлеседі. Басқа уақытта Ол Өзінің Сөзін, Киелі Кітабын қолданады. Арагідік Ол басқа мәсіхшілерді де пйдаланады. Бұл сабақты зерттей отырып, сіз қандай әдісті таңдасаңыз да, Әкеңіздің дауысын қалай тануға болатынын білесіз.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Бұл сабақ рухани дамудың осы төрт маңызды қағидасы туралы толығырақ түсіндіреді. Мұны зерттей отырып, дәл қазір оларды өз өміріңізде қалай қолдануға болатынын көресіз. Әрі қарай керемет нәтижелер болады! Зиянды мінез-құлық жақсы үлгілермен алмастырылады. Сіз күн сайын Құдай қалайтын жетілген адамға айналып отырасыз.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Дәл қазір сіздің өміріңізде де осындай өзгерістер болып жатыр. Осы сәтте рухани өміріңіз ашылып жатыр. Мәсіхте «жетілгенде» ескі қызығушылықтардың орнына жаңа мүдделер келеді. Сонымен қатар жаңа міндеттер бар, олар жаңа сыйақылар мен қанағаттандырулардың жаңа түрлерін сізге әкелуі мүмкін. Бұл сабақта біз осы нақты ерекше өзгерістер мен әрекеттерді қарастырамыз. Сонымен қатар басқа адамдар жаңа мүдделеріңізді бөлісетінін табасыз!

Сабақты қарау/жүктеу icon
Курстың толық құжатын қарау/жүктеу icon

Егер адам арнайы мақсатқа жетуді қаласа, ол үшін үлгілер де қажет. Мысалы, спортшылар жаттықтырушысының нұсқауларын орындайды. Олар кейбір нәрселерді орындайды, бірақ олар істемейтін басқа нәрселер де бар. Олардың мақсаты – жүлдеге ие болу үшін дағдылар мен күштерді дамыту. Енді сіз мәсіхші бола тұра, жаңа ерекше мақсатқа иесіз. Бұл мақсат – Көктегі Әкеңіздің қалағанының бәріне сәйкес болу. Бұл – сізге үлгілердің қажет екендігінің тағы бір себебі.
Сіз үшін Көктегі Әкеңіз сіздің Өз отбасының мүшесі болуыңызды, әрі сіздің өміріңіз үшін Өзі қойған мақсаттарына жетуді жоспарлап отыр. Бұл сабақ сізге көмек ретінде берілген жаңа өнегелерді түсіндіреді. Оларды ұстану сізге көп пайда әкеледі.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Сізде керемет көмекші бар! Бұл сабақ Құдайдың кім екенін және сізге қалай көмектесетінін түсіндіреді.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Құдайдың құдіреті туралы айтқандарыңыздың растығын анықтау үшін сізді бақылап жүргендер көп. Өміріңіз Ізгі хабар адамдарды қалай өзгерте алатынын оларға көрсетеді. Не істеп жатқаныңыз сіздің тіпті айтқаныңыздан да артық куәлік, өйткені істеген ісіңіз Иса туралы куәлік болып табылады.
Бұл сабақта біз сіздің өміріңізден айналаңызға нұр шашатын кейбір үлгі сәулелерін қарастырамыз, себебі Иса сіздің бойыңызда өмір сүреді. Бұл үлгі сәулелері басқаларды Ізгі хабардың рас екеніне сендіруге көмектеседі.

Сабақты қарау/жүктеу icon

Бұл әлемде нағыз мәсіхші жанұя болудан асқан бақыт жоқ. Ол күнә мен бақытсыздық дауылынан қорған болатын пана, әрі балалар өздерін қауіпсіз, сүйікті сезінетін орын.
Егер сіз Құдайдың айтқандарын орындасаңыз, үйіңізді «жұмақтың кішкене бөлігіне» айналдыра аласыз!

Сабақты қарау/жүктеу icon

Бұл сабақ сізде қазір қаншалықты еркіндік бар екенін түсіндіреді, себебі сіз Құдайдың баласысыз. Еркіндік сізді күнәнің ауыр зардаптарынан айықтырады да, Құдайға ұнамай қаламын деген қорқыныштан босатады. Бұған қоса, ол рухани қателіктер мен шатасулардан алшақтады. Иса Мәсіхтің сіз үшін жасаған жақсылығының арқасында бұл баталар сізге арналған. Бірақ олар тек бастамасы ғана.
Сіз бастаған жаңа еркін өміріңіз ешқашан аяқталмайды!

Сабақты қарау/жүктеу icon
Курстың толық құжатын қарау/жүктеу icon
Курстың толық құжатын қарау/жүктеу icon
Курстың толық құжатын қарау/жүктеу icon